Apple Premium Retail

iPremium Retail Business Unit

АСБИС-тің құрамында АСБИС компаниялар тобының ASBC бөлімшесі басқаратын, беделді Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace және iOn деп аталатын 24 Apple монобрендтік дүкендер желісі бар. Қатысу географиясына Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Украина кіреді.

2022 жылы қыркүйектің соңында АСБИС Орталық Азиядағы ең ірі Apple демонстрациялық залын ашты. Жаңа iSpace дүкені Алматыдағы Esentai Mall сәнді сауда орталығында орналасқан. Халқы шамамен 2 млн. адамды құрайтын Алматы қаласы - елдің өнеркәсіптік, мәдени және ғылыми орталығы.

Дүкеннің ауданы 350 м2 және Apple брендінің шоу румы ретінде жасалған. Мұнда сатып алушылар Apple компаниясының түпнұсқа өнімдерін сатып алып, жеке өнімдердің функционалдығымен таныса алады, сондай-ақ істен шыққан техниканы жөндей немесе айырбастай алады.